Заголовки

«Еңбек адамы – ел мақтанышы»

12 желтоқсан күні «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты Жұмысшы мамандықтар жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 2025 – Жұмысшы мамандықтар жылының өңірлік қорытындысы ретінде ұйымдастырылды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде «Видеобайқау» қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының алғыс хатымен әріптестеріміз – Қабылова Гүлжан, Конанов Рысбек, Әтімбеков Сәрсенбек марапатталды.
Әріптестерімізге толағай табыс, қажымас қайрат, үлкен жетістіктер тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *