23 желтоқсан күні Ақтау қаласында мәдениет және өнер саласында табысты еңбек етіп жүрген үздік мамандарды марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара өңір үшін маңызы бар «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясындағы қорытынды мерекелік шаралардың бірі ретінде ұйымдастырылды. Жыл бойы Маңғыстау өңірінде түркі дүниесінің рухани құндылықтарын насихаттауға бағытталған ауқымды мәдени жобалар мен халықаралық деңгейдегі іс-шаралар жүзеге асырылып, осы бастамаларға белсене атсалысқан сала қызметкерлерінің еңбегі жоғары бағаланды. Салтанатты рәсім барысында музейіміздің директоры Рима Бердиева «Ақтау – 2025 Түркі дүниесінің мәдени астанасы» аясында жыл бойы ұйымдастырылған халықаралық
іс-шараларға қатысып, көрсеткен құнды үлесі үшін марапатталса, ал экспозиция-көпшілік бөлімінің меңгерушісі Сандуғаш Бауыржанқызы «Үздік экскурсия жетекшісі» номинациясы бойынша марапатталды.
Бұл марапаттар – кәсіби біліктілік пен мәдени мұраны кеңінен дәріптеуге қосқан сүбелі үлестің айғағы.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстар мен биік жетістіктер тілейміз!