Экспедицияның 3-ші күні…

Қатысушы студенттер және олардың жетекшілері:
1) Темір Баба түнеуханасына түнеп шығып, сапарын одан әрі жалғастырды.
2) Түрікменстан мемлекетімен шекаралас жердегі Ожабай, Көкбөрі деп аталатын түрікмендердің батыр әулиелерінің інің тарихымен, аңызымен, сол жерлердегі мистикалық құбылыстармен, әруақтардың әртүрлі бейнеде көрініп, жолаушыларды есінен адастыратын оқиғаларымен танысты.
3) Ф.г.к. Ж. Дүйсенбаева Түрікмендер мен (Адай) қазақтарының соғысы туралы, оларға «мәңгүрттеу» жазасын қолдануы туралы т.б. айтып берді.
4) Кешке жақын Жаңаөзен қаласына жақын жердегі Итемер әулиені зияраттап, Ақтау қаласына оралды.