25 қазан — Республика күні Балсұлу Қондыбай Әділбекқызы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Ұлт мерейін асыратын айтулы мереке – Республика күні қарсаңында Балсұлу Қондыбай Әділбекқызы ел игілігі жолындағы елеулі еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл марапат – көп жылғы тынымсыз еңбек пен рухани мұраға деген адалдықтың, ұлт тарихын ұлықтаудағы табандылық пен ізденістің жемісі. Балсұлу Әділбекқызының еңбегі – жас ұрпаққа өнеге, мәдениет пен руханият саласына қосқан зор үлесінің айғағы.