Заголовки

Ақселеу Сейдімбек Серікбол туралы…

Этнограф-ғалым, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: 2006 жылы Серікбол Қондыбай жайында «Айқын» газетінің сол кездегі тілшісі Бауыржан Омарұлына(қазіргі ҚР Президент кеңесшісі) берген сұхбаты:
– Өзіндік жолы бар белгілі ғалымдардың бірісіз. Шәкірт дайындау мәселесіне қаншалықты көңіл бөлесіз?
– Біреудің бар уақытын алып, ертеден кешке дейін соңыңа салпақтатып ертіп, шәкірт ретінде қалыптастыруды онша құп көрмеймін.
Ал жалпы, қай қызметте жүрсем де, менің тәрбиемді көрген жігіттер аз болған жоқ. Біразы белгілі журналист-жазушы болды, біразы қоғам қайраткері болды. Бірқатары ғылым қуды.
Теңдесі жоқ талант Серікбол Қондыбай шығармаларының жарыққа шығуына себепші болдым. Мен оның қадірін білгеніммен қолымда не бар? Сосын Иманғали Тасмағамбетовке бардым. Ол Маңғыстауға телефон шалып, тапсырма берді. Бар-жоғы бір-екі аптаның ішінде үй де берілді, жазғандары да кітап болып жинақтала бастады. Кітаптары басылып шыққанда тұсаукесеріне арнайы барып қатысып, баяндама жасадым. Маңғаз жігіт екен. «Ақа, менің еңбегім өстіп еленеді деп ойлағаным жоқ еді. Рахмет», – деді. Бар айтқаны осы.
– Серікболдың мамандығы – географ. Өзі алыс ауданды мекендеді. Оның үстіне ұзақ жыл төсекке таңылып жатты. Бірақ аз ғана уақыт ішінде өнімді жұмыс істеді. Ел іздеп жүріп оқитын кітаптар жазды. Осы құбылысты қалай түсіндіресіз?
– Ол – ерекше қабілетті болып жаралған адам. Серікбол халықтың қайнаған ортасынан, атасынан, анасынан, ауылдың шалдарынан естіген әңгімелерге жастайынан қанығып, топонимдік, этнонимдік, этнологиялық білімді бойға сіңірген. Мәселен, мифология туралы еңбегін жазып отырғанда елден естіп, құлағына құйған әңгімелері жадында жаңғырады. Оның феноменінің іргетасы — біздің халықтың өресі. Адам жарымжан болғанда көбіне-көп оның бойындағы бүкіл әлеуеті бір-ақ нүктеге бағытталады. Оның өнімі әдеттегіден он есе, жүз есе көбейеді. Анасы өте ғажап адам. Қолынан дәм таттым. Серікболдың жолына құрбан болған әпкесі бар. Інісінің айтқан кітабын жердің түбінен болса да тауып беріп отырған. Адамның миында базалық дәстүрлі ақпарат бар. Ол әлемдік академиялық ақпаратпен ұштасқанда
ғаламат жаңғырықтар береді. Серікболдың қабілеті осылай ашылған. Оның үстіне мектепте, университетте дәріс алып жүрген
кезінде көп оқыған жігіт. Төсіне құс төсекті қойып, етбетінен жатып жазды. Айналасы шашылған кітап. Алыстаңқырап қалған кітаптарды шешесі жанына жақындатып береді. Бір ғылыми-зерттеу мекемесінің ел болып жабылып істейтін жұмысын жалғыз өзі тындырып кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *