Салтанатты шара Ш. Есенов атындағы университетте өткізілді.
1. Шараны С.Қондыбай шығармашылығы, студент Серікболдың арманы, Маңғыстауда туризмді дамыту туралы ғалымның апасы Балсұлу Қондыбай алғысөзбен бастады.
2. Экспедицияның ғылыми құрамы мүшелері Ж.Дүйсенбаева, З.Наурызбаева, Ә.Байғожина, Н.Ордабекұлы өз пікірлерін айтты.
3. «Ой бөлісу» айдарында студенттер экспедициядан алған әсерлерімен бөлісті.
4. Экспедиция қатысушыларының 10 күндігі туралы деректі фильм ұсынылды.
5. Музей директоры Р.Қанатбайқызы қатысушылардың саяхат барысында жасаған еңбектерін бағалап,
“Үздік таңба фотосы”
“ Үздік Сакралды пейзаж”
“Үздік бейнерепортаж”
“ Үздік бейнефильм”
“Үздік эссе” номинациялары бойынша марапаттап, конкурсты қорытындылады.
6. Шара қонақтары:
Мәслихат депутаты П.Сармузина, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә.Байпақов, Yessenov University Ш.Есенов атындағы университет ректоры Б.Ахметков кезекпен сөз сөйледі.
7. Экспедицияны өткізуге атсалысқан ғалымдарға Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә.Байпақов алғыс хат жариялады.
С.Қондыбай өз еңбегінің бірінде: «Маңғыстаудың үнсіз кеңістігін сөйлетсе, талай тарихтың сырын ашатындай қабілетке ие». (13 том, 10 бет) — деген сөзіне арқау болған бұл экспедицияның, болашақ ұрпаққа өз өлкесін танытуда зор септігін тигізді деген үміттеміз!

