Заголовки

«Кітапта бар қазына» атты сайыс өтті.

30 тамыз – Конституция күніне орай «Жауынгерлік рух» кітабы бойынша топаралық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты: Жастарды кітап оқуға қызықтыру, келер ұрпақтың жауынгерлік рухын ұштау;
Жергілікті этнограф, ғалым С.Қондыбайдың – қазақтың жауынгерлік өнерін кеңінен сипаттайтын «Жауынгерлік рух» кітабын насихаттау;
Сайыс төмендегі ережелер бойынша өтті:
1- бөлім. Кітапты таныстыру. Мысалға: Кітап неше беттен тұрады? Жалпы мағынасы? Кітапқа толық шолу жасау? Кітап не дегісі келді? Автор оқырманға не жеткізбек болды? т.сс…
2- бөлім. Кітап ішінде кездескен жырларды мәнерлеп, ырғақпен оқу..
3-бөлім. Жауынгерлік өнерге қатысты қойылым ойнап беру..
4-бөлім. Аталған кітап бойынша құрастырылған қызықты сұрақтарға жауап беру (билет таңдау)
5- бөлім. «Кітап натюрморт» — кітапта оқу барысында басыңызға келген кейіпкерді, оқиғаны сурет салу арқылы көрсету.
6- бөлім. «Әдеби дуэль» – кім кітаптан көп жол біледі? Әр командадан бір-бір адамнан ортаға шығып кім кітаптан көбірек біледі, сол адам жеңіске жетеді.
Музей мамандарынан құралған «қазылар алқасы» әрбір этап бойынша екі топтың қатысушыларын баллдық көрсеткішпен бағалап, оза шапқан команданы марапаттады…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *