Заголовки

«КІТАПТА БАР ҚАЗЫНА» атты танымдық шара өтті.

25 қазан республика күніне орай өткізілген бұл шарада оқушылар арасында «Есен Қазақ» кітабы бойынша топаралық сайыс өтті.
«Есен Қазақ» кітабы — өлкетанушы, ғалым С.Қондыбайдың — орта ғасырлардағы Маңғыстау, Үстірт өлкелерінде тіршілік еткен тайпалардың эпостық жырлары арқылы өткен тарихымыздың көмескі тұстарын анықтау мақсатында терең талдау жасаған еңбегі.
Шараның мақсаты:
Жастарды кітап оқуға қызықтыру;
Эпостық жырлар арқылы келер ұрпаққа Маңғыстау өлкесін таныту;
Жергілікті этнограф, ғалым С.Қондыбайдың еңбектерін кеңінен насихаттау;
Аталған шараға оқушылардан құралған «Балуанияз», «Атағозы», «Балтеке» командалары қатысты.
Сайыс төмендегі ережелер бойынша өтті:
1- бөлім. Кітапты таныстыру. Мысалға: Кітап неше беттен тұрады? Жалпы мағынасы? Кітапқа толық шолу жасау? Кітап не дегісі келді? Автор оқырманға не жеткізбек болды? т.сс…
2- бөлім. Кітап ішінен қалаған жыр үзіндісін мәнерлеп, ырғақпен оқу;
3-бөлім. «Есен қазақ» кітабында кездескен белгілі бір оқиға бойынша қойылым ойнап беру;
4-бөлім. Аталған кітап бойынша құрастырылған қызықты сұрақтарға жауап беру (билет таңдау);
5- бөлім. «Кітап натюрморт» — кітапта оқу барысында басыңызға келген кейіпкерді, оқиғаны сурет салу арқылы көрсету.
6- бөлім. «Әдеби дуэль» – кім кітаптан көп жол біледі? Әр командадан бір-бір адамнан ортаға шығып кім кітаптан көбірек біледі, сол адам жеңіске жетеді.
Қорытындыда музей мамандарынан құралған «қазылар алқасы» әрбір этапты бағалауы бойынша 1-орынды «Атағозы», 2-орынды «Балтеке», 3-орынды «Балуанияз» командасы иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *