
Музейлерде жабдықталған соңғы үлгідегі тақырыпқа сай проекциялармен, эксклюзивті, сапалы контент қойылған LED экрандармен, сенсорлы ақпаратты киоскілермен, үш тілді аудиогидтермен, арнайы жасақталған қозғалмалы макеттермен, QR коды арқылы мәліметтер алу мүмкіндігі бар экспонаттармен, заманауи кинетикалық, интерактивтік, анимациялық және аудиовизуалды технологиялармен танысты.
Іскерлік сапарда бағыт беріп, музей саласындағы тың ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік жасаған Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығы музейінің директоры Гүлжанат Дүйсенбаеваға және «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейі директорының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері, Алаштанушы Гүлмира Серікбайға рахметімізді айтып, алғысымызды білдіреміз!