Шараның мақсаты: Кешегі өткен аналарымыздың қасиетті ақ жаулығы мен киелі ақ кимешегін қыз-келіншектерге, аналарға дәріптеу, насихаттау. Ұлттық құндылықтарымызды санаға сіңіруге, мәдениет пен дәстүрдің дамуына ықпал жасау.
Шара барысында басқа да қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, киіз үй жабдықтары, қолөнер бұйымдары дәріптелді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес кеш қонақтары С.Қондыбай шығармаларынан жасақталған «Ұлы Аналар, Ұлы Бабалар» атты жүрмелі көрмелерімізбен танысты.