Заголовки

Серікбол Қондыбайдың туған күні..

С.Қондыбай 1968 жылы 14 наурызда Маңғыстаудың Құрық кентінде дүниеге келген. Тірі болса 56 жасқа толар еді. Ол – мифология саласында құнды еңбектер қалдырып, қазіргі таңда Республикаға белгілі ғалым болды. 36 жыл ғана ғұмырында шығармашылық, ыждахаттылық, табандылық үлгісін көрсетіп көпшілікке үлгі бола білді. Қазіргі таңда «Арғықазақ мифологиясы» ерен еңбегі түркі еліне танылды.

Ғалымның жас ұрпаққа қалдырған асыл қазыналары мен рухани мұралары « жастардың жарқын өміріне жол сілтеген шамшырақ іспетті. Оған дәлел ол кісінің сарқыншақ аңыздардың астында бір мән бар екенін көрсететін, Маңғыстаудың жер-су атауларын танытуға бағытталған еңбектері мен шығармасы әлі күнге дейін өз маңызын жоймай, құнды жәдігер қалпын сақтап келеді.

Келешегімізді кемел, болашағымызды жарқын, егемен еліміздің іргетасын берік етіп қалайтын бүгінгі ұрпаққа тұлғаның есімі мен өмір жолын, оның қалдырған асыл мұраларын ұлықтап, насихаттауымыз қажет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *