Серікбол Қондыбай мемориалдық музейінде 15 сәуір күні “Қойнауына кие қонған Маңғыстау” атты облыстық байқау өтті.
• Бұл өткізілген шара Серікбол Қондыбайдың “Есен қазақ” және “Маңғыстау географиясы” атты кітаптарының мазмұнына тереңірек үңілуге және маңғаз Маңғыстаудың мәдени-рухани мұрасын насихаттауға арналды.
• Қатысушыларды өлкетанушы, мәдениеттанушы Жұмалиева Тамара, фил.ғылымдарының докторы, Серікболтанушы Дүйсенбаева Жанбибі, тарихшы, өлкетанушы Аталықов Якуб және Серікбол Қондыбайдың апасы, қоғам қайраткері Қондыбаева Балсұлу бағалады.
• Бас жүлде — Іңірбаев Дәуірбек (Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы).
1 орын — Қуанышбекова Гүлнар (Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық филиалы музей маманы).
2 орын — Жаңбуршиев Әділбек (С.Қондыбайдың мемориалдық музейінің экспозиция-көпшілік бөлімінің маманы).
3 орын — Шораева Гүлбану (Адай Ата Отпан тау тарихи мәдени кешенінің экспозициялық көрме жасақтау жөніндегі нұсқаушы).
Өткізілген шараға Серікбол Қондыбайдың сыныптастары демеушілік етті.