15 мамыр күні Бейнеу аудандық филиалында Әбіш Кекілбайұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Әбіш әлеміне саяхат» атты музейлер арасында дәстүрлі облыстық «Үздік экскурсовод» сайысы ұйымдастырылды.
Музейдің жас мамандары үшін кәсіби тұрғыдағы мән-маңызы ерекше шара облыстық музей директоры — Э.А.Абланованың құттықтау сөзімен ашылды.
Сайыста облыстық музей және оның филиалдары, Отпан тау тарихи-мәдени кешені, С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейінің жас мамандары бақтарын сынады. Алты бөлімде Кекілбаев шығармаларына талдау жасап, викториналық сұрақтарға жауап берген қатысушыларға облыстық музей директоры, Бейнеу аудандық филиал меңгерушісі Ғ.Жұмаханов, Отпан тау мәдени-тарихи кешен директоры Ж.Кетеева, С.Қондыбай атындағы мемориалдық музей директоры Р.Бердиева, облыстық музейдің әдістемелік бөлімінің маманы З.Абишева қазылық етті.
Аталған сайыста үздік нәтиже көрсетіп, музейіміздің маманы Мақашова Алтынай 1 орын иеленді.