Заголовки

«ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОД — 2025» САЙЫСЫ ӨТТІ.

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Маңғыстау аудандық филиалында өткен облыстық музейлер арасындағы дәстүрлі үздік экскурсовод сайысы музей мамандарының кәсіби шеберліктерін арттыру, үздіктерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыста Отпан тау мәдени кешені, С. Қондыбай атындағы мемориалдық музей, Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жаңаөзен қалалық, Бейнеу аудандық филиалдарының жас мамандары бақтарын сынады.
Аталған сайыста музейіміздің маманы Гүлсезім Нұртаева 2 орын иеленіп, жүлделі орыннан көрінді.
Әріптестесіміз Гүлсезім Нұртаеваны үздік нәтижесімен құттықтап, мол жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *