Экспедицияның 5-ші күні..
Қатысушы студенттер және олардың жетекшілерінен құралған бір топ экспедицияшылар Қатем Ишан (дін қайраткер), Бектұрды Ишан, Бектемір(хан) баба қорымдарына зиярат жасады. Өлкетанушы М. Ақмырзаев, ф.г.к. Ж.Дүйсенбаева жастарға аталған ишандар туралы көп мағлұмат берді.
Бекдұрды ишан хиуалықтардың қолына тұтқынға түскен орыс теңізшілері мен балықшыларын құтқарып, бостандыққа шығуына көп көмегін тигізген.
Аңыздарда, Бектұрды ишан мен Бекет атаның замандас адамдар екендігі, медреседе бірге оқып, Пақыржан қажыдан білім алғандығы, айтылады.
Хатам (Сейіт) Қожа Ғабдолқожаұлы (1739 — 1824. Маңғыстау өңірі – Ақтау қаласының маңы) – Маңғыстаулық түрікмен поэзиясының классигі, шайыр ақын. Халық арасында «Хатам ишан» деп те аталады. Мұсылманша білімдар адам болған. Хатам Маңғыстау өлкесінде болған қиын уақыттарда түбекті мекендеген халықты өзінің жалынды өлеңдері арқылы бірлікке,ынтымаққа шақырды. 


