Былтыр оқушылар арасында «Серікбол ізімен» атауымен бастау алған С.Қондыбай шығармаларында баяндалған сакралды мекендерге экспедиция жобасы биылда өз жалғасын тапты.
Бұл жолы Ш.Есенов университетінің туризм және тілдер факультеті студенттерінің қатысуымен «экспедиция 10 күндігі» 01.07 — 10.07 аралығында өтеді.
Экспедицияның 1-ші күнін қатысушы студенттер мен олардың жетекшілері — «Туризм және тілдер факультеті «деканы м.а. Ақмарал Отарова, «Қазақ филологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.г.к, Әлия Түгелбайқызы мен «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының меңгерушісі Низаматдинова Жұлдыз және мәдениеттанушы, ф.г.к Зира Наурызбаева, кинорежиссёр Ә.Байғожина бастаған бір топ алдымен Шетпе селосына келіп С.Қондыбай аруағына құран бағыштаумен бастады. Одан әрі С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейіне келіп, залдармен, шығармаларымен танысып, қысқаметражды фильм тамашалады.
Ұйымдастырушылар қатысушыларды саяхат ережелерімен таныстырып, ертеңгі экспедицияның 2-ші күніне сәт сапар тілеп шығарып салды.

