21 қараша, 2024 жылыАқтау қаласында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Серікбол Қондыбай мұралары: әлеуметтік — гуманитарлық ғылымдар контекстінде» тақырыбындағы республикалық ғылыми – практикалық конференциясы өтті.
Конференция төмендегідей бағдарламада өтті:
1. Конференцияның пленарлық отырысы Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Т.Әбішовтің құттықтау сөзімен басталды.
2. Түркия мемлекетінің Кыркларели университетінің өнер және ғылым факультетінің «Қазіргі түркі тілі және әдебиеті» кафедрасының профессоры Бюлент Байрамның және Франция мемлекетінің Орталық Азиядағы Француз зерттеу институтының (IFEAC) ғылыми қызметкері, PhD докторы
Гзавье Аллездің бейне құттықтау жолдады.
Конференцияның 1-секциясында «Серікбол Қондыбай және филология», 2-секциясында «Серікбол Қондыбай және қоғамдық — әлеуметтік ғылымдар», 3-секциясында «Серікбол Қондыбай білім беру жүйесінде» атты тақырыптарда Қазақстанның түпкір-түпкірлерінен келген филология ғылымдарының профессоры, кандидаттары, докторлары және мектеп мұғалімдері әртүрлі (төменде көрсетілген

т.б. өте көп) тақырыптарда баяндама жасады.
1) СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ ЖӘНЕ ҚАРАҚАЛПАҚ МИФОЛОГИЯСЫ
2) С.ҚОНДЫБАЙ ЕҢБЕКТЕРІН АКАДЕМИЯЛЫҚ КОНТЕНТ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ, ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНДАҒЫ СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ МҰРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
3) АЙДАҺАРДЫҢ ЖАҒЫМДЫ СИМВОЛИКАЛЫҚ МӘНІ
4) СЕРІКБОЛТАНУ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ
5) СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙДЫҢ ФИЛОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ҚАЛДЫРҒАН ҚОЛТАҢБАСЫ
6) ҚОНДЫБАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ
7) ЖАС ҰРПАҚҚА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕ С.ҚОНДЫБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ БЕРЕР РУХАНИ АЗЫҒЫ
ҚАЗАҚ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҰМАЙ АНАНЫҢ РӨЛІ
(Деректер қысқартылып жазылды)
Сондай-ақ, конференцияға келген қонақтарға арнап университет фоэсіне С.Қондыбай шығармаларынан жасақталған көрмелер қойылды.