21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні” мерекесіне орай Достық үйінде салтанатты шара өтті.
Мерекелік кеште мәдениет саласында еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жеткен майталмандарды, олардың қатарында табылған музей саласының ардагерлерін, халқымыздың бай мəдениеті мен өнерінің дамуына сүбелі үлесін қосып, ұлтымыздың мəдени құндылықтарын дәріптеп жүрген қызметкерлерді марапаттау кеші өтті.
Маңғыстау облысының мәдениет және өнер саласына қосқан үлесі үшін музейіміздің экспозиция бөлімінің меңгерушісі — Сандуғаш Бауыржанқызы алғыс хатпен марапатталса, музейіміздің ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы — Балсұлу Қондыбай өңірдің мәдениет саласына қосқан үлесі үшін «Маңғыстау облысының ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығына 50 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Музейіміздің мамандарын құттықтай отырып үлкен жетістік, мол табыс тілейміз!
