Заголовки

Ұлттық құндылықтар — ұлт қазынасы деп ұрандатқан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Маңғыстау ауданы филиалының ашылу салтанаты өтті.

1 ақпан, 2024 жыл

1. Ұлттық құндылықтар — ұлт қазынасы деп ұрандатқан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Маңғыстау ауданы филиалының ашылу салтанаты өтті. Жоба мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртып, ұлт құндылықтарын дәріптеу. Рухани шараға облыс, аудандардан ақжаулықты аналарымыз қатысты.

2. Өскелең ұрпаққа дұрыс бағдар көрсету мақсатында, “ Ұлт намысы — қыз тәрбиесі” тақырыбында баяндама оқылып, оқушылармен кездесу өтті.

3. Осы орайда музей мамандары келген қонақтарға, «Ұлы аналар – Ұлы бабалар» тақырыптық көрмесімен таныстырды. Бұл көрменің аясында өскелең ұрпаққа үлгі болатын әйел тұлғалар деп ауыз толтырып айта алатын С.Қондыбай еңбектерінде кездесетін, Иса пайғамбардың (Ғайса ғалейссалам F.C.) анасы Мәриям туралы, ел қорғаны бола білген Сақ патшайымы Зарина, Тұмарқыз (Томирис), мифтік ана «Тана», Ежелгі мифтік От ана, Умай – (дей түркілік мифология тілінде) «Май -ене», Жылан Ана, «Қимақтардың Ертіс анасы» т.б. баяндалады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *