«10 жаңа еңбек – 10 жаңа рухани белес» атты Серікбол Қондыбай мұрасына арналған 10 жаңа кітаптың салтанатты тұсаукесері жоғары деңгейде өтті. Бұл — ғалым еңбегінің өміршеңдігін айқындаған, ұлттық руханияттағы сабақтастықты жалғаған маңызды мәдени-ғылыми оқиға болды.
Шара барысында авторлар мен зерттеушілер сөз сөйлеп, жаңа еңбектер кеңінен таныстырылды. Кеш мазмұнды баяндамалар мен тағылымды ойларға ұласты. Сондай-ақ, Қ. Сыдиықов атындағы облыстық кітапхана мен біріккен көрме ұйымдастырылды.
Іс-шарада сөз сөйлегендер мен таныстырылған еңбектер:

Оңайгүл Тұржан «Серікбол Қондыбайдың арғықазақ мифологиясын зерттеуде қолданған методологиясы мен логикалық тұрғыдан жобалау ерекшеліктерін» видеожолдау арқылы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Зира Наурызбаева «Воинская культура казахов: реконструкция мифоритуальных аспектов в наследии С. Кондыбая» еңбегін таныстырып, С. Қондыбайдың мифтік мұраларын зерттеудегі ерекшеліктерін және воиндық мәдениеттің арғықазақ дәстүріндегі рөлін талдады.

Жанбибі Дүйсенбаева «Қондыбай Серікболдың сакральды

ортасын» зерттеп, оның құндылықтарын ашып көрсетті.

Әлия Жеткізгенова «Жалпы өлкетану және С. Қондыбайдың жаратылымтану концепциясын» түсіндіріп, ғылыми негіздерін саралады.

Айдана Адирова «Серікбол Қондыбайдың мифтік бейнелері» каталог-альбомын көрнекі түрде таныстырды.

Балсұлу Қондыбай «Ғұлама туған ұлы ана» еңбегін ерекше атап, мазмұнын түсіндіріп берді.

Булент Байрам, Түрік Академиясының вице-президенті, «Арғықазақ мифологиясы» еңбегін түрік тілінде аударып, халықаралық аудиторияға таныстырды.

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Балкенже Қондыбайқызы Ақбердыева ағылшын тіліндегі «Арғықазақ мифологиясы» (аударған: Шелли Фэрвезер – Вега) еңбегін және ағылшын тіліндегі «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (аударған: «Палекс Қазақстан» фирмасының редакторы Дана Әділбекова Әбдіғапарқызы) еңбегін таныстырып, егжей-тегжейлі түсіндірді.

Рима Бердиева «Серікбол Қондыбай мұралары және түркі әлемі» жинағын қорытындылап, ғылыми нәтижелерін түсіндірді.