Халықаралық “URKER” қысқа метражды анимациялық фильмдер фестивалі іріктеу кезеңінің қорытындысы
Құрметті достар! Біз қысқа метражды анимациялық фильмдердіңалғашқы «Үркер» фестиваліне келіп түскен барлықжұмыстарды іріктеу кезеңі аяқталғанын қуанахабарлаймыз. Іріктеу комиссиясының назарынаәрқайсысы өзіндік ерекшелігімен дараланған 51 жұмыс ұсынылды. Біз іріктеу барысында кеңмифологиялық контекстке, символикаға, архетиптерге және авторлардың бейнелі ойлауқабілетіне сүйендік, сондай-ақ фильмдердіңкөркемдік сапасына да назар аударуға тырыстық. Таңдау жасау біз үшін өте қиын болды. Фильм жолдаған барлық авторларға…