8 ақпан, 2023 жыл Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи өлкетану музейінің мәжіліс залында ғалым-мифолог, этнограф, қазақ мифололингвистикалық ғылыми мектебінің негізін қалаған Серікбол Әділбекұлы Қондыбайды еске алуға арналған «Арғықазақ мифологиясы және Ұлы дала өркениеті» атты дөңгелек үстелі өтті.
Ғалым біртуар феномен ретінде жастарымызды ғылымға, білімге, мәдениетке, жоғалып бара жатқан аңыз-әнгімелерімізді насихаттай келе, қазақы намысты қайта тірілтуге еңбек етті. Оның ең басты қағидасы — барлық әлемдік рухани құндылықтардың түп-негізінің бір екендігін дәлелдеді. Кездесуде ғалымның өзімдік ұстанымы, мақсаты, арманы туралы айтылды. Дөңгелек үстелге Павлодар университетінің профессорлары және студенттері қатысты.