Заголовки

Сенбілік жұмыстары атқарылды.

Елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық науқанының 2-ші кезеңі «Таза Маңғыстау — Қазыналы Маңғыстау» экологиялық науқаны аясында музей қызметкерлері сенбілік жұмыстарын атқарды. Музей аумағы қураған арам шөптерден тазартылып, ағаш діңдеріне әктеу жұмыстары жүргізілді.

Прочитать полную новость

Джеймс Патерсен музей экспонаттарымен танысты.

Ғылыми жинаққа материал жинау мақсатында Канаданың Торонто университетінің оқытушысы — Джеймс Патерсен келіп музей экспонаттарымен танысты. Қазақстанға келген сапарын баяндап, жылы лебізін білдіріп, музейден алған әсерімен бөлісті.

Прочитать полную новость

Онды ауылында «Ақ жаулықтың иесі мен киесіне құрмет» атты ауылдық аналар кеңесімен біріккен кеш өтті.

Шараның мақсаты: Кешегі өткен аналарымыздың қасиетті ақ жаулығы мен киелі ақ кимешегін қыз-келіншектерге, аналарға дәріптеу, насихаттау. Ұлттық құндылықтарымызды санаға сіңіруге, мәдениет пен дәстүрдің дамуына ықпал жасау. Шара барысында басқа да қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, киіз үй жабдықтары, қолөнер бұйымдары дәріптелді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес кеш қонақтары С.Қондыбай шығармаларынан жасақталған «Ұлы Аналар, Ұлы Бабалар» атты жүрмелі көрмелерімізбен…

Прочитать полную новость

«Таза Маңғыстау — ғажайып өлке»

Елімізде басталған «Таза Қазақстан» республикалық науқанын орындау мақсатында Маңғыстау өңірінде экологиялық науқаны аясында С.Қондыбай музейінің қызметкерлері сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында музей аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, қураған ағаш қалдықтарынан, қоқыстардан тазартылды.

Прочитать полную новость

18 наурыз “Ұлттық киім” күні.

Қазақтың ұлттық киімі -қол өнердің озық үлгісі. Ұлттық киіміміз сәнді және ыңғайлылы болғандықтан күнделікті жұмыс орнымызға киіп келу қалыпты жағдайға айналуда. Мемориалдық музей қызметкерлері ұлттық киіммен кез- келген ортада жүруді қолдайды және дәріптейді.

Прочитать полную новость

Музейде ғалым-мифолог, этнограф, Серікбол Әділбекұлы Қондыбайды туған күніне арналған «Серікбол бізбен бірге» атты дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелге марқұм, ғалым С.Қондыбайдың мектеп кезіндегі ұстаздары және шәкірттері, колледж оқытушылары қатысты. Келген қонақтар LED экранына қойылған «Серікболмен сұхбат» атты бейнероликті тамашалады. Шара барысында ғалымның осы күнге дейінгі жеткен жетістіктері, рухы ұлықталған іс-шаралар, артына қалдырған еңбектері талқыланды. «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан». Серікболдың ұстаздары: сынып жетекшісі болған Күміс Қойшыбаева, география пәнінен сабақ берген Аққалам Дүйсенбаева,…

Прочитать полную новость

Серікбол Қондыбайдың туған күні..

С.Қондыбай 1968 жылы 14 наурызда Маңғыстаудың Құрық кентінде дүниеге келген. Тірі болса 56 жасқа толар еді. Ол – мифология саласында құнды еңбектер қалдырып, қазіргі таңда Республикаға белгілі ғалым болды. 36 жыл ғана ғұмырында шығармашылық, ыждахаттылық, табандылық үлгісін көрсетіп көпшілікке үлгі бола білді. Қазіргі таңда «Арғықазақ мифологиясы» ерен еңбегі түркі еліне танылды. Ғалымның жас ұрпаққа қалдырған…

Прочитать полную новость

Форт-Шевченко қаласы, «Мұрын Жырау» музейінде 8 – Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мәдениет қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған «Келін боп түскен екенсің» атты келіндер сайысы өтті.

 Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, сәні мен салтанаты жарасқан қазақ келіндерін насихаттау мақсатында өз өнерімен дараланып, «Бас жүлде» жеңіп алған музейіміздің экспозиция-көпшілік бөлімінің маманы Сандуғаш Бауыржанқызын құттықтаймыз! Еңбегіне жеміс,толағай табыстар тілейміз!

Прочитать полную новость

Музей директоры Р. Бердиева мен ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы Б. Қондыбай іссапармен Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығы музейін, «Нәзір Төреқұлов», «Нұртас Оңдасынов» атындағы музейлерді, Шымкент қаласындағы, «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейлерін аралап, «музей ісі» бойынша іскерлік тәжірибе алмасты.

Музейлерде жабдықталған соңғы үлгідегі тақырыпқа сай проекциялармен, эксклюзивті, сапалы контент қойылған LED экрандармен, сенсорлы ақпаратты киоскілермен, үш тілді аудиогидтермен, арнайы жасақталған қозғалмалы макеттермен, QR коды арқылы мәліметтер алу мүмкіндігі бар экспонаттармен, заманауи кинетикалық, интерактивтік, анимациялық және аудиовизуалды технологиялармен танысты. Іскерлік сапарда бағыт беріп, музей саласындағы тың ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік жасаған Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі»…

Прочитать полную новость