Экспедицияның 6-шы күні… Ғылыми-зерттеушілер Ақтау маңындағы Түлкілі сай, Қошқар ата басындағы таңбалармен, Ақшұқыр ауылына барып 1870 жылы салынған мектеп тарихымен, ертеде сол жерде медресесі болған, Иса Досан көтерілісіне қатысқан Машырық қажының өмірбаянымен, құдығымен, бақшасымен және
Одан кейін Есмәмбет ата басына соғып, ондағы әулиенің ескі мешіт-медресесімен, музейімен танысты.
Есмәмбет қожа қорымы — Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан.
Есмәмбет ата әулие, батыр, ислам дінін уағыздаған, елге сыйлы адам болған.
Сондай-ақ қорым аумағында көптеген көне ескерткіштер мен қорымдар бар, оларды қойтас, сағанатамы және құлпытасы деп атайды. Ескерткіш 1981 жылы сараптамадан өтіп, тіркеліп, кейін Қазақстанның мәдени және тарихи ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.

