Заголовки

8-сынып оқушыларына интелектуалдық «Квест» ойындары өткізілді.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай №7-ші мектеп гимназиясының 8-сынып оқушыларына интелектуалдық «квест» ойындары өткізілді. Квест ойындары — оқушыларды ұйымшылдыққа, көшбасшылыққа, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамытуға, позитивті өзара қарым-қатынасты дамытуға,креативті ойлап шешімдер қабылдауға, оларды жүзеге асыруға баулиды.

Прочитать полную новость

Б. Ақбердыева – алғашқы серікболтанушылардың бірі.

12 сәуір – Ғылым күнімен музейіміздің ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балкенже Ақбердыеваны құттықтаймыз. Серікбол шығармаларын республикалық, халықаралық деңгейде танытуда, насихаттауда елеулі еңбек етіп келеді. Балкенже Қондыбайқызын ҒЫЛЫМ күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс және ғылым жолындағы еңбегіне мол жетістік тілейміз! ҒЫЛЫМ күні – ғылым жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандардың…

Прочитать полную новость

Суреттер сыр шертеді…

Музей қорына Серікбол Қондыбайдың ұстазы, сынып жетекшісі, ардагер ұстаз Қойшыбаева Күміс Бердіқызы осы суретті табыстады. Күміс апай 1983 жылы №3 мектепке ұстаз болып келгенде осы музей кабинеті ашылған екен. Суретте музей көрінісі, сол кездегі ұстаздар бейнесі. Атап айтсақ суретте: Қойшыбаева Күміс, Жәлешова Қаныш, Құдабаева Гүлбаршын, Әбілханова Күлаш, Жаңыл апай, Әбдірова Әнель, Дәмет Тілепова, Алдаберген Құрмашов,Түйебаев…

Прочитать полную новость

С. Қондыбай мұрасына арналған 10 жаңа кітаптың салта натты тұсаукесеріөтті.

«10 жаңа еңбек – 10 жаңа рухани белес» атты Серікбол Қондыбай мұрасына арналған 10 жаңа кітаптың салтанатты тұсаукесері жоғары деңгейде өтті. Бұл — ғалым еңбегінің өміршеңдігін айқындаған, ұлттық руханияттағы сабақтастықты жалғаған маңызды мәдени-ғылыми оқиға болды. Шара барысында авторлар мен зерттеушілер сөз сөйлеп, жаңа еңбектер кеңінен таныстырылды. Кеш мазмұнды баяндамалар мен тағылымды ойларға ұласты. Сондай-ақ, Қ….

Прочитать полную новость

Форт-Шевченко қаласы, «Мұрын Жырау» музейінде 8 – Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мәдениет қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған «Келін боп түскен екенсің» атты келіндер сайысы өтті.

 Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, сәні мен салтанаты жарасқан қазақ келіндерін насихаттау мақсатында өз өнерімен дараланып, «Бас жүлде» жеңіп алған музейіміздің экспозиция-көпшілік бөлімінің маманы Сандуғаш Бауыржанқызын құттықтаймыз! Еңбегіне жеміс,толағай табыстар тілейміз!

Прочитать полную новость

«Еңбек адамы – ел мақтанышы»

12 желтоқсан күні «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты Жұмысшы мамандықтар жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 2025 – Жұмысшы мамандықтар жылының өңірлік қорытындысы ретінде ұйымдастырылды. Салтанатты марапаттау рәсімінде «Видеобайқау» қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының алғыс хатымен әріптестеріміз – Қабылова Гүлжан, Конанов Рысбек, Әтімбеков Сәрсенбек…

Прочитать полную новость

АҚПАРАТ ХАТ

Құрметті әріптестер! Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Сіздерді 2025 жылдың  05-08 тамызында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерейлі жылы аясында өтетін «СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ»  атты  IV халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысуға шақырады.10-02-2025_15-14-23 (2)

Прочитать полную новость

Маңғыстау облысы мәдениет, тілдері дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали өзінің атасы Сали Оразбайұлының заттарын музейге тапсырды

Сали Оразбайұлының 70 жыл бұрын жылқы терісінен жасаған қауғасы мен шығырын Шетпедегі Серікбол Қондыбайдың музейінің «Маңғыстаунама» атты экспозициясына қою жоспарланған. Маңғыстаулық Сали Оразбайұлы 1948 жылы құдықшылар бргидасына қабылданып, 1982 жылға дейін Маңғыстау өңіріндегі су шаруашылығы саласында қызмет еткен. Оның басшылығымен су тапшылығы бар жерлерде су көздері ашылып, құдықтар тазартылып отырған. Арнаулы білімі болмаса да мыңдаған…

Прочитать полную новость